09.08.2018, 19:56 4685

"Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Төрағасы болып Ибдірахманов Нұрлан Алмасұлы тағайындалды

6 тамызда Жалғыз акционерініӊ шешімімен (Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі) "Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Төрағасы болып Ибдірахманов Нұрлан Алмасұлы тағайындалды. Сол шешіммен ИбдірахмановН.А. "ҚДКБҚ" АҚ Директорлар кеӊесініӊ мүшесі болып тағайындалды.

Алматы. 9 тамыз. Kazakhstan Today - 6 тамызда Жалғыз акционерініӊ шешімімен (Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі) "Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Төрағасы болып Ибдірахманов Нұрлан Алмасұлы тағайындалды. Сол шешіммен ИбдірахмановН.А. "ҚДКБҚ" АҚ Директорлар кеӊесініӊ мүшесі болып тағайындалды.

Нұрлан Алмасұлы Ибдірахмановтыӊ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүйесініӊ әдіснамалық, бақылау және қаржылық нарықты қадағалау салаларында 20 жылдық кәсіби жұмыс тәжірбиесі бар.

2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігініӊ бағалы қағаздар нарығын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарыныӊ стратегия және талдау бойынша бөлімшелерін басқарды.

Соӊғы жеті жыл ішінде, 2011 жылдан бастап осы кезге дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Қаржы нарығыныӊ әдіснамасы департаменті директорыныӊ қызметін атқарды, онда пруденциалдық реттеу және қадағалау саласындағы әдіснама мен саясатты қалыптастыру, реттеушілік стандарттарды сәйкестендіру, қаржылық нарықтарды реттеу және қаржылық қызметтерді дамыту, тұтынушылардыӊ қаржы қызметтерінен хабардар болуын арттыру, сондай-ақ жосықсыз тәжірбие - ақшаныӊ ізін жасыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету сұрақтарына жауап берді.Осы уақыт ішінде көптеген заӊнамалық актілерді әзірлеуге, соныӊ ішінде - шоғырландырылғанқадағалау, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлық агенттіктер қызметтері, тәуекелге бағытталған қадағалау мәселелері бойыншаактілерді әзірлеуге жетекшілік етті.

Ир-түрлі жылдарда "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеӊесініӊ (Биржалық кеӊестіӊ) мүшесі, Жалғыз акционердіӊ өкілі ретінде "Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ Директорлар кеӊесініӊ мүшесі болды. Қаржы нарығындағы мәселелермен айналысты, Еуразиялық экономикалық одақтыӊ құқықтық актілерін дайындады; Қаржы нарығын реттеу және дамыту бағыты бойыншаЕуразиялық экономикалық комиссияда (соныӊ ішінде қаржы нарығындағы Консультативтік комитет аясында) Қазақстан Республикасын(Ұлттық Банк)таныстыруда жұмыс атқарды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Талғатұлы: "Ибдірахманов Нұрлан Алмасұлы Ұлттық Банк жүйесінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Соӊғы жылдары Қаржы нарығыныӊ әдіснамасы департаментінде жетекшілік етті. Осы департаменттіӊ құзыретіне кіретін көптеген сұрақтар, қалай болғанда да, Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорыныӊ қызметімен байланысты. Ибдірахманов Н.А. әдіснамалық жұмыста мол тәжірибесі бар; оныӊ тәжірибесі депозиттер нарығын реттейтін салада, соныӊ ішінде мерзімді нарықта, сондай-ақ корпоративтік таратушыныӊ функцияларын орындау үшін Қордыӊ бастамаларын дамытуда қажет болады. Мен Қорда өзініӊ тапсырмалары мен бастамаларын тиімді түрде жалғастыруын тілеймін".

Қазақ мемлекеттік басқару академиясыныӊ түлегі; шетел университеттерінде оқыған.

Мемлекеттіӊ марапаттардыӊ иегері, соныӊ ішінде "Ерен еӊбегі үшін" медалімен, III дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған.

Анықтама

"Қазақстанныӊ депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКБҚ) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ 1999 жылы екінші деӊгейдегі банктердіӊ салымшыларыныӊ құқықтарын және заӊды мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйымы.

Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардыӊ барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соныӊ ішінде - барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

Кепілдік жеке тұлға мен жеке кәсіпкердіӊ барлық салымдарына таралады. Кепілдіктіӊ еӊ жоғары сомасы бір салымшыға бір банк үшін ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теӊгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 миллион теӊгені құрайды (банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заӊды күшіне енген күнгі баламада).

"Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарыныӊ қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылы 16 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес, ұлттық валютадағы жинақ салымдар бойынша кепілдік 15 миллион теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны