09.10.2018, 13:20 4271

Қазақстанныӊ Елордасы хор өнеріндегі үздіктерін жинайды

Астанада 2018 жылғы қазанныӊ 5-інен бастап 11-іне дейінгі аралықта Астананыӊ 20 жылдығы шеӊберінде "Астана - Илем дауысы" халықаралық фестивалі өтеді

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы қазанныӊ 5-інен бастап 11-іне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және Cпорт Министрлігі және "Қазақстан хор дирижерлері" Республикалық Қоғамдық бірлестігі Астананыӊ 20 жылдығы шеӊберінде ауқымды музыкалық жобаны - "Астана - Илем дауысы" халықаралық фестивалін ұсынады.

Алғашқы рет Қазақстанда бес құрлықтыӊ 25 елінен келген 500 хор әртісі рухани және ұлттық шығармаларын елорда сахнасынан орындайды.

"Біздіӊ мақсатымыз қазақстандық және шетелдік хор ұжымдарыныӊ әрі қарай өзара әрекеттесуіне, баға жетпес тәжірибе алмасуына, хор орындауыныӊ, сонымен қатар қабылдауыныӊ деӊгейін және мәртебесін көтеруге, еліміздіӊ хор өнерін танытуға платформа орнату," - деді жоба авторы, Астана қаласыныӊ Мемлекеттік академиялық филармониясыныӊ Камералық хорыныӊ көркемдік жетекшісі және басты дирижері Гүлмира Кұттыбадамова.

Концерттер Габор Холлерунг (Мажарстан), Наоми Фаран (Израиль Мемлекеті), Пол Холлей (Австралия), Акала Акангмерен (Үндістан Республикасы), Хонг Су Ким (Оӊтүстік Корея), Кристиано Дель'Осте (Италия Республикасы), Людмила Лицова (Ресей Федерациясы), Бейімбет Демеуов (Қазақстан Республикасы)және тағы да басқа дирижерлерініӊ қатысуымен өтеді.

Шеберлік сабақтарын хор өнерініӊ шетелдік мамандары, хор дегдарларыныӊ өкілдері өткізеді, оныӊ арасында Габор Моцар - "Европа Кантат" Президенті (Еуропалық Хор қауымдастығы), Эмили Куо Вонг - IFCM Президенті (Хор музыкасыныӊ халықаралық федерациясы), әлем деӊгейіндегі дирижерлер және халықаралық сыйақылардыӊ атақтары шыққан лауреаттары Зимфира Полоз (Канада), Амикаэла Гастон (АҚШ), Аида Свенсон (Индонезия), Боряна Найденова (Болгария), Инесса Бодяко (Беларусь Республикасы).

Фестивальға 20 қазақстандық ұжымдар және Канада, Португалия,Австралия, Беларусь Республикасы, Болгария Республикасы, Мажарстан, Грузия Республикасы, Израиль Мемлекеті,Үндістан Республикасы, Индонезия, Италия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Саха Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Изірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Татарстан Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Оӊтүстік Африка Республикасы, Жапония мемлекеттерінен келген қатысушылар өнер көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны