23.06.2008, 14:44 1360

Қазақстанның еңбек министрлігі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту стратегиясын жасауды жоспарлауда

Қазақстанның еңбек министрлігі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту стратегиясын жасауды жоспарлауда

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "үкіметтік сағат" барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрдің айтуынша, "Нұр Отан" ХДП-ның бағдарламалық ережелеріне сәйкес, 2012 жылы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 есе ұлғайту көзделген".

Б. Сапарбаев сондай-ақ, министрлік "көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тізімі мен сапасын да арттырмақ ниетте" екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны