15.01.2010, 16:59 2725

Қазақстанның Гаитидегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсете алмауының бір себебі - транспорт мәселесіне байланысты - төтенше жағдайлар министрі

Қазақстанның Гаитидегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсете алмауының бір себебі - транспорт мәселесіне байланысты - төтенше жағдайлар министрі

Шымкент. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан әзірге Гаитидегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко кеше Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Гаитиге қатысты шешім әзірге қабылданған жоқ. Мен жойқын жер сілкінісі болғанын жаңалықтардан көрдім. Қазақстанның СІМ-мен бірлесе отырып қандайбір шешім қабылданады деп ойлаймын", - деді В. Божко.

Министрдің айтуынша, қазір көмек көрсетуді ұйымдастыруға белгілі бір кедергілер бар.

"Мен біздің ол жаққа ұшатын-ұшпайтынымыз жайлы нақты ештеңе айта алмаймын. Бізде бір ғана Ту-154 ұшағы бар. Еуропа қазір оларды өткізбей отыр. Мемлекеттік резервте төтенше жағдайларға арналған резерв бар. Кезінде біз осындай көмекті Қытайға, Қырғызстанға, Украинаға, Молдавияға және Солтүстік Осетияға да көрсеттік. Проблема қазір жүкті жеткізу мен шешімнің қабылдануына байланысты болып отыр", - деді В. Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны