27.01.2016, 11:23 4404

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерін жаӊа полигондық қондырғымен жабдықтады

Оқ ату жабдығыныӊ жиынтықтары, роталық тактикалық жиынтықтар, танкті директрисалар, БТР директрисалары - мұныӊ барлығын "С.М.Киров атындағы зауыт" АҚ отандық кәсіпорны 2015 жылы Қазақстанныӊ Қорғаныс министрлігініӊ мұқтаждығы үшін игерді

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жаӊа полигондық жабдық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерініӊ пайдаланылуына берілді. Оқ ату жабдығыныӊ жиынтықтары, роталық тактикалық жиынтықтар, танкті директрисалар, БТР директрисалары - мұныӊ барлығын "С.М.Киров атындағы зауыт" АҚ отандық кәсіпорны 2015 жылы Қазақстанныӊ Қорғаныс министрлігініӊ мұқтаждығы үшін игерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полигондық құрылғы кез келген ауа райы жағдайында қозғалмалы, бұрылмалы, көтерілмелі радиобасқарылатын нысаналарды жылдам және дәлме-дәл жоюға әскери қызметшілерді оқыту үшін дайындалмаған жерде нысаналық жағдай жасау үшін арналған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бір сөзбен айтқанда, ол автоматты режімде нысаналардыӊ көрсетілімін, жарық беретін елестеткіш құралдарыныӊ көмегімен түнгі уақытта қарсыластыӊ оқ атуыныӊ елестетілуін, түтінді және дыбыстық елестетуді қамтамасыз етеді. Нысаналық құрылғылардыӊ жай-күйі мен жойылған нысаналар туралы ақпаратты шығаруға мүмкіндік береді.

Өзара электр магниттік ықпал етусіз полигондық жабдықтыӊ 4 жиынтығы бір уақытта қызмет көрсете алады.

Өндіруші зауытта айтып өткендей, қазақстандық өндірістіӊ полигондық жабдығы пайдалануда ұтқыр, функционалды, қарапайым және берік болып келеді. Жоғары деӊгейдегі сапалығыныӊ арқасында шетел өндірушілерініӊ баламасынан кем түспейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны