18.02.2011, 13:40 4057

Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде

Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Синоптиктердің ақпаратына сүйенсек, 19-22-ші ақпанда аралығында ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. 18-ші ақпан күні түнде Ақмола және Павлодар облыстарында 20-25 градустық аяз болажы деп болжанып отыр. Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында термометр бағаны 25-30 граудсқа дейін төмендейді. Қостанай облысында 28-33 градустық аяз күтілуде.

19-22 ақпанда Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасының одан әрі 30-35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында бұрқасын, оңтүстігінде жаңбыр, ылғалды қар жауады деп күтілуде.

Павлодар облысында 17-22 м/с күшті жел, кей жерлерде бұрқасын күтілуде. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, желдің екпіні 15-22 м/с дейін жетуі мүмкін. Ақмола және солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде бұрқасын, 15-22 м/с дейін күшті жел соғады. Жамбыл обласында - кей жерлерде тұман, көктайғақ,15-20 м/с жел, желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ,17-22 м/с жел, түнде қалың қар жаууы мүмкін. Алматы облысында - кей жерлерде 15-20 м/с дейін жел, Алакөл ауданында 15-22 м/с дейін күшті жел соғады, түнде тұман түсуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны