18.06.2008, 19:17 2956

Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа елшісі Э. Қарабаевқа сенім грамотасының көшірмесін табыстады

Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа елшісі Э. Қарабаевқа сенім грамотасының көшірмесін табыстады

Бішкек. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінде Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевқа Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Оспановтың сенім грамотасының көшірмесін табыстау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, кездесу барысында Қырғызстанның сыртқы істер министрі елшіні Қырғызстандағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы екі жақты қатынастар Б. Оспановтың белсенді қатысуымен бұрынғы қарқында тереңдеп және кеңейе беретініне үміт білдірді.

Э. Қарабаев жоғарғы деңгейдегі қол жеткізілген Қазақстан-Қырғызстан келісімдер мен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дамып келе жатқан қатынастар болашақта да жалғасын табатынына және екі ел халқының игілігіне жаратылатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны