26.07.2007, 15:57 2631

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Австрияның білім және мәдениет министрімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев Австрия Республикасының федералдық білім, мәдениет және өнер министрі Клаудиа Шмидпен кездесуде мәдениет және өнер саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында екі министр мәдениет және өнер қайраткерлерімен тұрақты алмасып отыру, қазақтандық студенттерді Австрияның музыкалық білім беру мекемелерінде оқыту, Австрияда Қазақстанның Мәдениет күндерін өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен бірге тараптар Астанада Вена балын өткізу, екі ел үкіметтері арасында мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мәселелерін қарады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан мен Австрия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын айқындау үшін екі министрлік арасында тұрақты байланыс орнатуға келісті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны