08.12.2009, 10:42 1763

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады - ТЖМ

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады - ТЖМ

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында таяудағы тәуліктерде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "суық антициклон Қазақстанның басым бөлігіндегі күн райын айқындайды. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандары атмосфералық фронттардың ықпалында болады, кей жерлерде қар жауады, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 17 - 22 метрге, кей кездері 25 - 28 метрге жетеді, Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында, күндіз Қостанай облысында боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді".

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге жетеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді. Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метр болмақ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны