08.07.2009, 10:45 1206

Қазақстанның оңтүстігі, шығысы мен орталығында өрт қаупі болжануда - ТЖМ

Қазақстанның оңтүстігі, шығысы мен орталығында өрт қаупі болжануда - ТЖМ

Астана. 8 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның оңтүстігі, шығысы мен орталығында өрт қаупі болжануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарындағы күн райына атмосфералық фронталдық бөліністер қалыптастырады. Қазақстан аумағының батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандары жоғары атмосфералық қысым алаңының ықпалында болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы секундына 18 - 23 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 - 20 метрге жетіп, шаңды боран қосылады. Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, оңтүстікте, кей жерлерде шығыста, оңтүстік-шығыс пен орталықта кей жерлерде 5 класқа дейінгі өрт қаупі күтілуде, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны