08.07.2016, 18:19 2337

Қазақстанныӊ оӊтүстігінде демалыс күндері +42 градус ыстық болады

Қазақстанныӊ оӊтүстігінде демалыс күндері +42 градус ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК

Астана. 8 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ оӊтүстігінде демалыс күндері +42 градус ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Шілде айы жаздыӊ еӊ ыстық айы екенін дәлелдегелі жатыр. Егер алдағы тәулікте республиканыӊ басым облыстарында өткінші жауын жауады деп күтілсе, жексенбі және дүйсенбі күні мұндай ауа-райы тек батыста сақталады. Қазақстанныӊ өзге аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Иран аудандарынан келетін ауа райы температураныӊ көтерілуіне әкеледі. Күндіз сынап бағанасы плюс 28-36ә болса, оӊтүстікте 37-42әС ыстық болуы мүмкін", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны