22.07.2008, 18:06 2834

Қазақстанның оңтүстігінде ет тапшылығы сезілуі мүмкін деп болжам жасап отыр

Қазақстанның оңтүстігінде ет тапшылығы сезілуі мүмкін деп болжам жасап отыр

Бішкек. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Қазақстанның оңтүстігінде ет тапшылығы сезілуі мүмкін деп болжам жасап отыр. Бұл туралы бүгін азық-түлік нарығындағы жағдай жөніндегі кеңесте Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мені Қырғызстандағы ет нарығындағы жағдай аса толғандырып отыр. Тірі мал бағасының күрт төмендеп кеткеніне қарамастан, ет қымбаттай түсуде. Құрғақшылыққа және жем-шөп жағдайының қиындауына байланысты Қазақстаннан мал жаппай Қырғызстанға әкеліп сатыла бастады", - деп атап көрсетті И. Чудинов.

Премьер-министрдің айтуынша, келер жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанда ет тапшылығы сезілуі мүмкін. Ал оған деген сұраныс арта береді. "Бұл өз кезегінде Қырғызстандағы ет бағасына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан, қазірдің өзінде шара қолдану керек", - деп мәлімдеді И. Чудинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны