15.12.2009, 09:56 1917

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігінде таяудағы тәуліктерде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның батыс аумағында кей жерлерде қар, оңтүстігінде - жауын, қатты жел, көктайғақ болуы ықтимал, жекелеген аумақтарда тұман болады деп күтілуде. Республиканың шығыс бөлігі антициклонның ықпалында қала береді.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде күн бұрқасындатып, секундына 17-22 метр жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде. Қостанай облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін, Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысының кей аумақтарында көктайғақ болады.

Алматы облысының жекелеген бөліктерінде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, Жалаңашкөл аумағында оның жылдамдығы секундына 18-23 метрге, кей уақыттары 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жарма ауданында желдің екпіні секундына 25-28 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны