29.09.2010, 15:25 4021

Қазақстанның оңтүстік өңірінде күн жылы, жауын-шашынсыз болады, ал солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Қазақстанның оңтүстік өңірінде күн жылы, жауын-шашынсыз болады, ал солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 29 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстік өңірінде күн жылы, жауын-шашынсыз болады, ал солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, бүгін Қазақстанның оңтүстік өңірі антициклонның ықпалында болады, мұнда жауын-шашынсыз ауа райы жылы болады деп күтілуде. Ал республиканың солтүстік бөлігіне төмен қысымды атмосфера әсер етпек, соған байланысты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Павлодар, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Түнде Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде тұман болуы ықтимал. Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ орталық, батыс, шығыс және оңтүстік-шығыстың кейбір аймақтарында өрт қаупі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны