03.01.2008, 16:23 2946

Қазақстанның православиелік діндарлары 2008 жылдың 7 қаңтарында Рождество тойын тойлайды

Қазақстанның православиелік діндарлары 2008 жылдың 7 қаңтарында Рождество тойын тойлайды

Алматы. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның православиелік діндарлары 2008 жылдың 7 қаңтарында Христостың Рождество тойын тойлайды, осы түні еліміздің православиелік шіркеулерінде мерекелік дұға оқылады. Бұл туралы агенттікке Орыс православиелік шіркеуінің Астана және Алматы епархиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, епархияның басты шіркеуі - Алматыдағы Свято-Вознесенский кафедралық соборында Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округінің басшысы, Астана және Алматы метрополиті Мефодий құдайға құлшылық жасайды.

7 қаңтар күні 17 сағатта Алматы қаласының Свято-Вознесенский кафедралық соборында бас діндар духовенство өкілдерін, ғибадатшылар мен азаматтарды Христостың Рождество мейрамымен құттықтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны