10.03.2011, 13:52 3578

Қазақстанның шығыс аймақтарында боран соғып, көк тайғақ болады деп күтілуде

Қазақстанның шығыс аймақтарында боран соғып, көк тайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 10 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның шығыс аймақтарында боран соғып, көк тайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 10 наурыз күні Қазақстанның шығыс бөлігі өздерімен бірге жауындар, бұрқасын, көктайғақ пен күшті желдер алып келетін циклон мен атмосфералық ағымдардың ықпалында болады.

Ал республиканың қалған аумағының ауа райын антициклон анықтайды.

Мәселен, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с екпінде жел соғады, облыстың кей аймақтарында тұман күтілуде. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында секундына 18-23 метр жылдамдықта жел соғады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады. Көк тұман сондай-ақ, Ақтөбе мен Қостанай облыстарының жекелеген өңірлерінде де болжанып отыр.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Павлодар, күндіз Атырау облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында көктайғақ, бұрқасын, 18-23 м/с екпінде жел күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны