11.02.2011, 13:45 3519

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында боран соғып, оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауады деп күтілуде

Бүгін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында боран соғып, оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның солтүстігі мен шығысында боран соғып, оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігіең хабарлауынша, Қазақстанның жекелеген өңірлерде күшті жел тұрып, қар жауады, бұрқасын мен көктайғақ болады. Оңтүстікте жаңбыр аралас қар жауады. Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында бұрқасын болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан желдің күші кей уақытта 25-ке жетеді деп күтілуде. Қарағанды мен Қостанайда - кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақтөбе және Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде - бұрқасын, 15-22 м/с екпінде жел соғады. Ақтөбеде сондай-ақ, тұман, көктайғақ болжануда.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде тұман, күндіз 15-22 м/с күшпен жел соғады. ШҚО-да кей аумақтарда - бұрқасын, Маңғыстауда - көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады. Қызылордада көктайғақ күтілуде. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-батыстан 17-23 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны