07.08.2015, 14:14 3406

Қазақстанныӊ солтүстігінде ауа температурасы нормадан 3-5 градусқа түсіп, оӊтүстікте 5-10 градусқа жоғары болады

Батыс Сібір мен Қазақстанныӊ солтүстік-батысыныӊ үстімен тропосферада батыс ауа ағындарыныӊ солтүстік ағындарға ауысуы орын алды. Олардыӊ республиканыӊ солтүстік және батыс облыстары арқылы өтуінен ауа температурасы төмендеп, кейбір жерлерде жаӊбыр жауды

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Батыс Сібір мен Қазақстанныӊ солтүстік-батысыныӊ үстімен тропосферада батыс ауа ағындарыныӊ солтүстік ағындарға ауысуы орын алды. Олардыӊ республиканыӊ солтүстік және батыс облыстары арқылы өтуінен ауа температурасы төмендеп, кейбір жерлерде жаӊбыр жауды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК-ныӊ хабарлауынша, тәуліктегі орташа ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градус төмен болды. Демалыс күндері бұл аудандарда осындай температура сақталып, кей жерлерде жаӊбыр жауады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Өткен тәулікте еліміздіӊ оӊтүстігі мен оӊтүстік-шығысында көпжылдық орташа ауа температурасыныӊ 5-10 градус жоғары болған аптап ыстық байқалған. Демалыс күндері атмосфералық ағындардыӊ өтуімен бірге мұнда аптап ыстықтыӊ басылуы күтіліп отыр, бірақ жауын-шашынныӊ болуы екіталай, таулы аймақтарда ғана өткінші жаӊбыр жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны