21.05.2010, 10:18 3853

Қазақстанның солтүстік облыстарында 5 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде

Қазақстанның солтүстік облыстарында 5 градусқа дейін суытады деп күтілуде

Астана. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік облыстарында 5 градусқа дейін суытады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "21 мамырда Қазақстанның оңтүстік жартысы циклонның және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, желдің екпіні күшейеді. Республиканың солтүстігіне антициклонның ықпалы тиеді. Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында кей жерлерде секундына 15 - 20 метрге дейін жел соғып, түнде 0 - 5 градусқа дейін суықтық түседі. Солтүстік Қазақстан облысында ауаның температурасы түнде 0 - 5 градусқа дейін төмендейді".

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, "Жамбыл облысында кей жерлерге бұршақ жауады, желдің жылдамдығы секундына 18 - 23, кейде екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысында секундына жылдамдығы 15 - 20 метрге дейін жел, ал Қызылорда, Алматы облыстарында шаңды боран соғады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны