28.04.2010, 15:31 3174

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде таяудағы тәуліктерде қар жауады - ТЖМ

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде таяудағы тәуліктерде қар жауады - ТЖМ

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік өңірлерінде таяудағы тәуліктерде қар жауады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазгидромет" республиканың бірқатар өңірлерінде ауа райының суытатыны туралы ескерту жасады.

"Сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түні Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде кей аумақтарда температура 0 -5 градусқа дейін төмендейтін болады, тұман түседі, күндіз ауа температурасы 5 - 10 градус жылы болады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сәуірдің 28-29 күндері Қостанай, 29-30 күндері Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар, солтүстік-батыстан 17-22 м/с күшпен жел соғады деп болжануда. Түнде ауа бағамы 0 -5, күндіз 5-10 градцс жылылықты көрсететін болады.

Алдағы тәуілікте нөсерге байланысты Алматы облысының өзендерінде еріген қар мен жаңбыр суының тасқындары күтілуде.

Сонымен бірге, сәуірдің 28-30 аралығында күннің жылынуы мен жауындарға байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейлері одан әрі көтеріледі, олар арналарынан тасып, су басу қаупі болуы мүмкін.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде шаңды боран соғады, желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15 - 22 метрге жетеді. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны