03.02.2010, 09:49 1528

Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында бұрқасындатып, жел күшейеді

Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында бұрқасындатып, жел күшейеді

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарында бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтары атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады. Ал республиканың қалған аумақтарында ауа райын сібір антициклонының тарамдары анықтайды.

"Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Қызылорда және Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады".

"Маңғыстау, Атырау және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей бөліктерінде шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысында - кей жерлерде тұман, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Алматы облысының жекелеген жерлерінде - тұман, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны