04.07.2012, 14:34 3057

Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің күндері басталды - баспасөз баяны

Тау-кен металлургия индустриясы мұнай-газ саласымен бірге ел экономикасының басымдықты салаларының бірі болып табылады. Жалпы ішкі өнімнің 19 пайызға жуығы кен-металлургия кешеніне тиесілі. Ал ел экспортының 20 пайызы осы саланың үлесі.

4-6 шілде аралығында Астанада Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің күндері өтуде. Бұл шараның аясында "Astana Mining & Metallurgy" ІІІ халықаралық тау-кен металлургия конгресі, Тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмыскерлерінің ІІІ съезі, "Алтын Гефест" ұлттық салалық конкурсы және т.б. шаралар өтеді.

Тау-кен металлургия индустриясы мұнай-газ саласымен бірге ел экономикасының басымдықты салаларының бірі болып табылады. Жалпы ішкі өнімнің 19 пайызға жуығы кен-металлургия кешеніне тиесілі. Ал ел экспортының 20 пайызы осы саланың үлесі.

Тау-кен металлургия кешені күндері бүгін "Astana Mining & Metallurgy" ІІІ халықаралық конгресімен ашылды.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов, минералдық-шикізат әлеуетін тиімді пайдалану, өндіріске инновациялық технологиялар енгізу, алдыңғы қатарлы технологияларды трансферттеу саланы дамытудың негізгі міндеттері екенін айтты.

Ал индустрия және жаңа технологиялар министрі И.Исекешев, Қазақстанда Геологиялық барлау жұмыстарын дамыту тұжырымдамасы қабылданатынын айтты.

"Astana Mining & Metallurgy" форумының аясында әлемнің 7 елінің 60 компаниясы қатысып отырған көрме ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны