28.09.2015, 09:02 4456

Қазақстанныӊ төрт аумағында үсік жүреді

Республиканыӊ Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Республиканыӊ Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Күндіз 28, 29 қыркүйекте Оӊтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, түнде 28-29 қыркүйекте ауа температурасы 1-3ИC құрап, үсік жүреді деп болжануда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

28 қыркүйекте күндіз және 29 қыркүйекте тәулік бойы Жамбыл, Алматы облыстарында жаӊбыр жауады деп болжануда, таулы және тау маӊы аймақтарында жауын жауады (жаӊбыр, қар), солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, 28 қыркүйекте күндіз бұршақ жауып, 28-29 қыркүйекте күндіз 1-3 ИC үсік шалады. 28 қыркүйекте күндіз және 29 қыркүйекте тәулік бойы Қызылорда облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді. 28-29 қыркүйекте түнде солтүстік аймақтарда жерді 1-3 ИC үсік шалады деп болжануда", - деп көрсетілген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны