19.06.2006, 09:10 3353

Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» жер серігі орбитаға сәтті көтерілді

Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» жер серігі орбитаға сәтті көтерілді

БАЙҚОҢЫР. 19-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» Жер серігін ұшыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстанның тұңғыш «Kazsat» байланыс және хабар тарату геостационарлық жер серігі 2006 жылғы 18 маусымда 4 сағат 44 минутта Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды. Ғарыш аппаратын ұшыру үшін «Протон-К» зымыран тасығышы пайдаланылды. Жер серігін ұшырудың барлық кезеңдері сәтті өтіп, ол орбитаға көтерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны