30.11.2012, 13:55 6537

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні Бішкекте атап өтілді

Шараға қырғыз тарапынан Президент аппаратының басшысы, үкімет мүшелері, Жогорку Кенеш депутаттары, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көшбасшылары, қырғызстандық азаматтық сектор, зиялы қауым және іскерлік орта өкілдері, сондай-ақ дипкорпус, халықаралық ұйымдар мен қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні Бішкекте атап өтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бішкекте Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінде 29 қарашада Қазақстан Республикасы жаңа мемлекеттік мейрам - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күніне орай кездесу өткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Шараға қырғыз тарапынан Президент аппаратының басшысы, үкімет мүшелері, Жогорку Кенеш депутаттары, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көшбасшылары, қырғызстандық азаматтық сектор, зиялы қауым және іскерлік орта өкілдері, сондай-ақ дипкорпус, халықаралық ұйымдар мен қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

Кездесуді Қазақстан Республикасының елшісі Бейбіт Исабаев ашты, ол өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президентінің Күні биылғы жылы алғаш рет - 1 желтоқсанда атап өтілгелі отырғанын, себебі 1991 жылы дәл осы күні Қазақстанда алғаш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өткендігін атап айтты.

"Қазақстан Республикасының жетістіктері тұңғыш Президент - Ұлт лидері - Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың идеяларымен және қызметімен тікелей байланысты екені сөзсіз, - деп атап өтті Б.Исабаев.

Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне орай құттықтау хатын қырғыз тарапынан Президент аппаратының басшысы Данияр Нарымбаев оқып берді, ол Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы, еліміздің табысты мемлекеттер қатарына жедел кіруіндегі ерекше үлесін атап көрсетті. Д.Нарымбаев қазақстандықтарды жаңа ұлттық мерекелерімен құттықтап, Президентке және қазақстандықтарға табыскер елдің қарқынды құрылысында жаңа жетістіктер тіледі.

Кездесу барысында қонақтар Қазақстан Президенті - Ұлт Лидері Н.Назарбаевтың саяси, ғылыми және публицистикалық еңбектерінің көрмесімен танысты.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20-жылдығы құрметіне ҚР елшілігі әзірлеп, шығарған "Ғасырларға созылған достық" атты жаңа кітаптың тұсаукесері өткізілді

Вчера в рамках Третьего заседания Межпарламентской комиссии по сотрудничеству между мажилисом парламента Республики Казахстан и жогорку кенешем Кыргызской Республики состоялась встреча председателя мажилиса Нурлана Нигматулина с делегацией Кыргызстана, сообщает пресс-служба аппарата мажилиса парламента РК.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны