16.02.2007, 15:27 4072

Қазақстанның жекелеген аймақтарында құрт ауруынан көз жұматындар саны өсе түсуде

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанның жекелеген аймақтарында құрт ауруынан көз жұматындар санының өсуі жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасыны мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің отырысынан кейінгі брифингте республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысы, Ақмола және Ақтөбе облыстарында республикалық орташа көрсеткіштен асатын науқастанудың жоғарғы деңгейі сақталып отыр. Аталмыш аймақтарда құрт ауруынан көз жұматындардың саны күннен-күнге өсуде",- деді Анатолий Белоног.

"Құрт ауруымен науқастану және де аталмыш науқасқа шалдыққан адамдардың қайтыс болу көрсеткіштері паш етіп отырғандай, ахуалы төмен аймақтарда денсаулық сақтау қызметтері жүргізіп отырған шаралар жеткілікті түрде тиімді емес екендігінің куәсі және де санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан болмай отыр және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан жүргізіліп отырған шараларды одан әрі күшейтуді талап етеді",- деп атап көрсетті республиканың бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног.

Сонымен қатар, Анатолий Белоног жалпы республика бойынша 2006 жылы "құрт ауруымен науқастану деңгейі 9,5 пайызға, соның ішінде балалар арасында - 18,5 пайызға төмендегендігін" хабарлады. "Жүзеге асырылып жатқан емдеу-диагностикалық және эпидемиологияға қарсы, олардың алдын алу шараларының кешені халықтың құрт ауруымен науқастану деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны