10.08.2012, 17:12 2988

"Қазақтелеком" "Megaline Super Hit" және "iD Net Super Hit" трафигтері бойынша шектеулерді алып тастады

2012 жылдың 15 тамызынан бастап Интернет желісіне қол жетімділік талаптарын жақсартудың кезекті шараларының аясында "Қазақтелеком" АҚ "Megaline Super Hit" және "iD Net Super Hit" тарифтік жоспарларына бірнеше өзгертулер енгізеді, деп хабарлайды "Қазақтелеком" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - "Қазақтелеком" "Megaline Super Hit" және "iD Net Super Hit" трафигтері бойынша шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың 15 тамызынан бастап Интернет желісіне қол жетімділік талаптарын жақсартудың кезекті шараларының аясында "Қазақтелеком" АҚ "Megaline Super Hit" және "iD Net Super Hit" тарифтік жоспарларына бірнеше өзгертулер енгізеді, деп хабарлайды "Қазақтелеком" АҚ-ның баспасөз қызметі.

"Megaline Super Hit" және "iD Net Super Hit" тарифтік жоспарлары бойынша ішкі ресурстарға трафик шегі алынып тасталады, "iD Net Super Hit" ТЖ бойынша Интернеттің сыртқы ресурстарына кірудің жоғарғы жылдамдығы 40 Мбит/с-қа дейін, ішкі ресурстарына - 100 Мбит/с-қа дейін арттырылады", - деп айтылған хабарламада.

Телекоммуникацияның қызмет көрсету пакеті "Megaline Super Hit" және "iD Net Super Hit" жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап ұсынылады. Пакетті пайдаланушылар Интернет желісінің сыртқы ресуртарына кіруге рұқсат алады және тіркелген телефоннан ҚР бойынша қалааралық сөйлесулердің шектеусіз көлеміне ие болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны