03.12.2013, 19:57 4236

"Қазақтелеком" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін Интернет жылдамдығын екі есеге арттырады

"Қазақтелеком" АҚ 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ай сайынғы төлемді өзгертусіз "заңды тұлғалар" және "жеке кәсіпкерлер" пайдаланушылар санаты үшін (unlimited) трафигін есепке алмай тарифтік жоспарлар бойынша Интернет желісіне қатынау жылдамдығын екі есеге арттырады.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. "Қазақтелеком" заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлер үшін трафикті есептемей тарифтік жоспарлар бойынша Интернет желісіне қатынау жылдамдығын екі есеге арттырады, деп хабарлайды Kazakhstan today "Қазақтелеком" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақтелеком" АҚ 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ай сайынғы төлемді өзгертусіз "заңды тұлғалар" және "жеке кәсіпкерлер" пайдаланушылар санаты үшін (unlimited) трафигін есепке алмай тарифтік жоспарлар бойынша Интернет желісіне қатынау жылдамдығын екі есеге арттырады.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін Интернетке қатынау қызметінің сипаттарын жақсарту бойынша іс-шаралар аясында, "Трафикті есепке алмай" (unlimited)" тарифтік жоспары бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерінің өткізу қабілеттілігі екі есеге артты, оның ішінде қызметтерді пакеттік ұсыну аясында, ай сайынғы төлем деңгейі өзгертусіз қалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін пакеттік ұсыну аясында MegalineTurboPlus және MegalineTurboLight тарифтік жоспарларына ай сайынғы төлем есебіне енгізілген сыртқы ресурстарға трафик көлемі бойынша шектеулер алынады.

Тарифтік жоспарлардың жаңа параметрлерімен компанияның www.telecom.kz және www.megaline.kz. сайттарында танысуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны