26.03.2015, 17:44 4100

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ныӊ басшысы Нұрлан Қаппаров Бейжіӊде қайтыс болды

Бүгін сағат 14:30-да Қытай астанасындағы мейрамханалардыӊ бірінде түскі ас мезгілінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ныӊ басшысы Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды

Бейжіӊ. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 14:30-да Қытай астанасындағы мейрамханалардыӊ бірінде түскі ас мезгілінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ныӊ басшысы Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасыныӊ төрағасы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

1970 жылы туған. Алматы технология институтын, Гарвард университетініӊ Дж.Кеннеди атындағы Жоғары басқару мектебін бітірген, мамандығы бойынша инженер-экономист, мемлекеттік басқару магистрі.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, "Акцепт" корпорациясын құрып, 1991 жылдан 1997 жылға дейін оныӊ президенті болды.

"КазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания", "Казахойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамдарыныӊ президенті болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрініӊ орынбасары болып тағайындалған.

2003 жылдан - "Ланкастер групп Қазақстан" АҚ директорлар кеӊесініӊ төрағасы.

2012 - 2013 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi.

2013-2014 Қоршаған ортаны қорғау және су ресустары министрі.

2014 жылдыӊ 7 тамызынан бастап, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ныӊ басқарма төрағасы мен директорлар кеӊесініӊ мүшесі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны