14.10.2015, 21:02 4174

Қазгидромет: биыл қыс қараша айында басталады

Суық циклон елдіӊ солтүстігіне қарашаныӊ соӊында жетеді. Қазгидромет мамандарыныӊ айтуынша, ауа температурасы ол кезде күндіз 12, түнде 20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Ал қытымыр қыстыӊ алғашқы айы желтоқсанда термометр көрсеткіштері -45 градусты көрсетуі әбден мүмкін. Қардыӊ еӊ көп мөлшері ақпан айында түседі деп топшылайды мамандар

Астана. 14 Қазан. Kazakhstan Today - Биылғы қыс қатты әрі қарлы болатын түрі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Суық циклон елдіӊ солтүстігіне қарашаныӊ соӊында жетеді. Қазгидромет мамандарыныӊ айтуынша, ауа температурасы ол кезде күндіз 12, түнде 20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Ал қытымыр қыстыӊ алғашқы айы желтоқсанда термометр көрсеткіштері -45 градусты көрсетуі әбден мүмкін. Қардыӊ еӊ көп мөлшері ақпан айында түседі деп топшылайды мамандар, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Баян Сазанова, "Қазгидромет" РМК гидромет орталығыныӊ директоры:

- Бірінші онкүндік соӊында және жаӊа жылда суық ауа массаларыныӊ енуіне байланысты солтүстік және орталықта 28 градус аязға дейін төмендесе, шығыста 36 градусқа дейін төмендейді. Қаӊтар айында қар аз жауады.

Астанада ауаныӊ еӊ төмен температурасы осыдан 63 жыл бұрын 52 градусқа жеткен екен. Ал биыл елорданыӊ қытымыр қысы -35 градустан төмендемейді деп отыр мамандар. Ал көлік иелері қазанныӊ соӊына қарай қысқы дөӊгелектерге ауысып үлгергендері абзал.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны