21.03.2018, 20:08 5294

Қазығұртта Кемеқалған нысаныныӊ қазығы қағылды

Алдағы уақытта Қазығұрт тауын заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай Қазығұртта арнайы кешен жасауды жобалап отырмыз. Кеме Қазығұрттыӊ биігіне орнатылмақ. Ұзындығы 137 метр, ені 30, ал биіктігі 15 метр үш қабатты болмақ. Музей, қонақ үй, мейрамхана, көру алаӊдарыныӊ құрылысын салу қарастырылады. Екі шақырым көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жан-жақты абаттандыру, тынығу, демалыс алаӊдарын жасау жұмыстары бар", - деді Жансейіт Түймебаев.

Шымкент. 21 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстікқазақстандықтар Ұлыстыӊ ұлы күні - әз Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Алдымен Қазығұрт тауыныӊ баурайындағы қасиетті шыӊдағы Кемеқалған нысаныныӊ қазығы қағылды. Алдағы уақытта төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолыныӊ құрылысы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып отыр.

"Наурыз - Қазығұрттан басталады" атты Наурыз тойы "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясындағы ауқымды іс-шаралардыӊ бірі де, бірегейі болды. Алдағы уақытта Қазығұрт тауын заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай Қазығұртта арнайы кешен жасауды жобалап отырмыз. Кеме Қазығұрттыӊ биігіне орнатылмақ. Ұзындығы 137 метр, ені 30, ал биіктігі 15 метр үш қабатты болмақ. Музей, қонақ үй, мейрамхана, көру алаӊдарыныӊ құрылысын салу қарастырылады. Екі шақырым көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жан-жақты абаттандыру, тынығу, демалыс алаӊдарын жасау жұмыстары бар", - деді Жансейіт Түймебаев.

Осылайша облыс басшысы бастаған өӊір азаматтары тарихи нысанныӊ қазығын қақты. Жергілікті жұртты қуанышты жайтпен құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы жылы қолға алынатын ауқымды мәдени шараларды да атап өтті. Атап айтқанда, "Ұлтық қолөнер - ұлы мұра", "Туған жерге тағзым: Ордабасы көктемі" жастар форумы, "Ақсу-Жабағылыныӊ алауы, Шұбайқызылдыӊ жалауы" қызғалдақ фестивалі, "Қымызмұрындық", "Қауынфэст", "Сафари Шардара" және тағы басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны