04.02.2016, 11:59 3432

"Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС жанар-жағармай материалдарын ұрлау фактілері анықталды

Жанармай алуға талондарды ұрлау фактілері "Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС анықталды. Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Жанармай алуға талондарды ұрлау фактілері "Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС анықталды. Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазір Департаменттіӊ экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі "Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС арызына сәйкес ҚР Қылмыс Кодексініӊ 190 бабыныӊ 4 тармағына сәйкес жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген фактпен тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Қазмұнайгаз Өнімдері" ЖШС қауіпсіздік қызметімен жүргізілген тексеру барысында компанияныӊ бөлім қызметкерлерініӊ тарапынан жалған жеке тұлғаларға АИ-95, АИ-92, АИ-80 және дизельді отынға талондардыӊ шығарылғаны анықталды. Бұл жалған әрекет үшін іс жүзінде төлемдер жүргізілмей, бухгалтерлік есеп те бұрмаланған.

Қазіргі таӊда қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтауға байланысты сараптамалық тексерулер, жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу нәтижелері бұқараға ашық жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны