10.12.2015, 18:03 4342

Қазпочта бірегей байланыс алаӊын даярлады

"Қазпочта" АҚ көпшілікке қолжетімді, еркін және тегін таралатын www.post.kz электронды поштасын іске қосты. Портал мемлекеттік органдарды, бизнесті және халықты бір байланыс алаӊына біріктіреді

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазпочта" АҚ көпшілікке қолжетімді, еркін және тегін таралатын www.post.kz электронды поштасын іске қосты. Портал мемлекеттік органдарды, бизнесті және халықты бір байланыс алаӊына біріктіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекетіміздіӊ ақпараттық технологияларыныӊ дамуымен, қазақстандықтар қызметтердіӊ көбімен уйден шықпай қолдана алады. www.post.kz Ұлттық электронды поштасы онлайн қызметтердіӊ тізімін көбейтіп, олардыӊ қолдануын ыӊғайландырады. Бұл алаӊ абоненттік жәшік нұсқасында, электронды түрде іске қосылып, керекті хаттар мен хабарландыруларды, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен халық арасындағы құжаттарды жеткізуге арналған. Жобаныӊ іске асуында, электронды үкімет операторы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен ынтымақтастығымыз маӊызды орын алуда" - деп Бағдат Мусин, "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы түсіндірді.

"Бірлесіп қызмет көрсету барысында, www.post.kz пен www.egov.kz арасындағы бірегей қуаттау жүйесі іске асырылады. Бұл ынтымақтастық нәтижесінде Қазпочта мен электронды үкіметтіӊ қызметтерімен бір есепті жазба арқылы қолдануға болады. Енді мемлекеттік қызметтерге тапсырыс беруден бастап, құжаттардыӊ төлнұсқасын пошта арқылы жеткізу сияқты кешенді форматта қызмет ұсынылады" - деп Руслан Енсебаев, "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы мәлімдеді.

Жоба барысында "Қазпочта" АҚ бөлімшелерде ұсынылатын пошталық және қаржы қызметтерініӊ электронды нұсқасын қосады. Енді қазақстандықтар электронды пошта қызметтерімен бірге, жол ережесін бұзған үшін айыппұлдарды және басқа да төлемдерді іске асырып, сәлемдемелерді ресімдеп және бөлімшедегі кезекті брондай алады. Сонымен қатар, клиенттер сәлемдемелердіӊ келер мекенжайын ауыстырып, ыӊғайлы болатын бөлімшеге немесе үйге жіберіп, гибридті электронды хат жібере алады, яғни Қазпочта қызметкерлері электронды түрде келген хатты керекті мекенде басып шығарып, қағаз түрінде жеткізеді.

www.post.kz ұлттық электонды поштасы арқылы онлайн-трейдинг қызметімен инвестициялар және құнды қағаздармен Қазақстан қор биржасында келісімдер мен алып-сату операциалырын жүзеге асыруға болады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, Қазақстанда өзіміздіӊ электронды пошта жүйеміз пайда болып, шетельдік электронды пошта жүйелеріне балама ретінде қызмет істеп, барлық мәліметті Қазақстандық серверлерде сақтайтын болады. Ал Қазпочта хаттар мен хабарламаларды жеткізу уақытын үнемдеп, онлайн-трейдинг, постамат, пошталық индекстер, электронды кезек және т.б. қызметтердіӊ белгілігін көтеруге жол ашады.

"Қазпочта" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны