25.05.2015, 14:02 4668

Казпочта ЕурАзЭҚ-ға арнап марка шығарды

2014 жылы, 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол Астанада қойылды. Одақтыӊ бірінші жылдығын атап, "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясын, Ақ Орданыӊ аясында желбіреген Қазақстанныӊ туы және ЕурАзЭҚ-тыӊ символикасы бейнеленген марка толықтырады.

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - "Қазпочта" АҚ "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" атты серияда, Еуразиялық экономикалық одаққа арналған пошталық маркасыныӊ шығуы жайлы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
2014 жылы, 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол Астанада қойылды. Одақтыӊ бірінші жылдығын атап, "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясын, Ақ Орданыӊ аясында желбіреген Қазақстанныӊ туы және ЕурАзЭҚ-тыӊ символикасы бейнеленген марка толықтырады.

Төрт бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі - маркалы парақ. Парақтыӊ өлшемі 156 х 144 мм. Марканыӊ өлшемі 52 х 36 мм. Парақта 6 марка. Марканыӊ номиналы - 100 теӊге. Маркалардыӊ таралымы 5100 марка. Пошталық марка "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкініӊ Банкнот Фабрикасы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды. Маркаға мөр 22 мамырда, №17 бөлісшедегі Филателия Салонында басылды.

2014 жылы "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясыныӊ барысында 10 000 таралымымен шыққан пошта маркаларыныӊ тақырыптары: ақын және прозаик М.Ю Лермонтовтыӊ 200 жылдығы, атаулы құны 60 теӊге; ақын Анна Ахматованыӊ 125 жылдығы, атаулы құны 60 теӊге; Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек және әлеуметтік қорғау министрлігініӊ "Жұмыспен қамту жол картасы", атаулы құны 150 теӊге; Қазақстан Республикасыныӊ Энергетикалық Хартия Конференциясыныӊ төрағалығы, атаулы құны 100 теӊге. Сондай-ақ, жүзеге асқан: үш маркадан тұратын, Ч. Чаплинніӊ 125 жылдығына орай шыққан пошталық блок, маркалардыӊ атаулы құндары 60, 100 және 200 теӊге; ядролық сынақтарды тоқтату және әлемдегі ядролық арсеналдарды жоюға бағытталған "Атом" жобасына арналған екі маркадан тұратын пошталық блок, маркалардыӊ атаулы құндары 100 теӊге; батыр Жәнібек Бердәулетұлыныӊ 300 жылдығына арналған, бір маркадан тұратын пошталық блок, атаулы құны 60 теӊге; Шәкен Аймановтыӊ 100 жылдығына арналған бір маркадан тұратын пошталық блок, атаулы құны 200 теӊге. 6 000 дана таралымымен шыққан, атаулы құны 100 теӊгеге теӊ Ілияс Жансүгіровтыӊ 120 жылдығына және Сәбира Майқанованыӊ 100 жылдығына арналып, Құлахмет Ходжиковтыӊ 100 жылдығына орай шыққан, атаулы құны 50 теӊгеге теӊ пошталық марканыӊ таралымы 8.000.000.

2015 жылы, "Ұмытылмас және мерейтойлық даталар" сериясыныӊ қатарына, Ұлы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған үш маркадан тұратын пошталық блоктағы маркалардыӊ атаулы құны 200 теӊге, ал жалпы таралымы 15 000 дана.

"Бұл сериядағы маркалар филателисттердіӊ арасында өте танымал. Себебі маркалардыӊ тақырыптары еӊ маӊызды ұлттық және халықаралық іс-шараларға, мерекелерге, Қазақстан Республикасыныӊ көпұлтты мемлекеттік жүйесіне, , естелік және көрнекті тұлғалардыӊ мерейтойларына және тарихқа қатысты" - деп "Казпочта" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Азат Машабаев түсіндірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны