31.05.2017, 17:00 8265

Қазпошта болашақ офистерін таныстырды

"Жасыл орам" құрылыс кешенініӊ таныстырылымы барысында таяу арада жұмысқа қосылатын Қазпоштаныӊ жаӊа сервистері Елбасына таныстырылды. Гибридті банкоматтар, электрондық кассирлер, поштамат және сәлемдемелер супермаркеттері, сондай-ақ дрондар жұмысы мен post.kz мүмкіндіктерін қамтитын цифрлық офис жұмыстары көрсетілді.

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - "Жасыл орам" құрылыс кешенініӊ таныстырылымы барысында таяу арада жұмысқа қосылатын Қазпоштаныӊ жаӊа сервистері Елбасына таныстырылды. Гибридті банкоматтар, электрондық кассирлер, поштамат және сәлемдемелер супермаркеттері, сондай-ақ дрондар жұмысы мен post.kz мүмкіндіктерін қамтитын цифрлық офис жұмыстары көрсетілді.

"Біздіӊ бүгінгі таӊдағы негізгі міндетіміз - Қазпоштаны клиенттерге жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, қазіргі заманғы соӊғы технологияларды қолданатын инновациялық компанияға айналдыру. Айта кетерлігі, еліміздегі электрондық коммерцияныӊ дамуы былтырғы жылмен салыстырғанда 43%-ға артты,әрі біз осы трендті толықтай қолдаймыз. Қазір біз е-сommerce-ті белсенді түрде дамытудамыз, онлайн-форматтағы көптеген сервистерді енгізе отырып, бөлімшелерді жаӊғырту жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Қазпошта басшысы Сакен Сарсенов.

Ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін Қазпошта бөлімшелерінде биометрикалық бақылауы бар 6 цифрлық офис құрылатын болады, бұлар банкоматтыӊ стандартты функцияларынан басқа, бейнекеӊесші, мобильді әмиян қызметтерін көрсетеді, карточканы береді, валюта айырбастайды. Бір цифрлық офис жиырма қызметкерге есептелген бүкіл бір пошта байланысы бөлімшесініӊ жұмысын алмастыра алатын болады, бұл ретте таныстыру кезеӊінде бар болғаны 2 қызметкер цифрлық офис жұмысына бақылау жасайды және клиенттерге бағыт береді. Бұл дегеніміз, бұдан былай Қазпошта бөлімшелерінде ғана емес, кез келген сауда орталықтары мен ұйымдарда өзіне-өзі қызмет көрсету форматында,24/7 жұмыс тәртібімен қашықтықтан қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Аудандық бөлімшелерде "электрондық кассирлер" қойылатын болады, бұл, әсіресе, ауылдағы кәсіпкерлер үшін қолайлы болмақ, мәселен, егін өнімін сатып, банк бөлімшесіне бармай-ақ, түсімін сақтауына болады немесе "электрондық кассир" арқылы өз шотына аудара алады. Айта кетейік, "электрондық кассир" бір жолда 100 млн. теӊгеге дейін қабылдайды, бұған қоса түскен ақшаны сол сәтте беруі мүмкін, яғни аталған кешен 4-5 ай инкассациялаусыз автоматты түрде жұмыс жасайды.

"Маусым айында Қазақстанда алғашқы болып, агенттік қызметтер бойынша ЕДБ-ден қарыз алу және беру кезінде алаяқтық жағдайларды болдырмау үшін, тұлғаныӊ биометриясы негізінде клиенттерді верификациялау жүйесін іске қосамыз. Верификациялау online режимде клиенттіӊ фотосуретін оныӊ жеке куәліктегі фотосуретімен салыстыру жолымен жүзеге асады. Қазір біз осы бағдарламаны 5 пилоттық бөлімшеде тестіден өткізіп жатырмыз", - деді өз сөзінде Сәкен Сарсенов.

Қазпоштаныӊ тағы бір маӊызды және инновациялық жобасы - жазбаша хат-хабарлар мен ұсақ жөнелтімдерді дрондармен жеткізу. Қазіргі күні жеткізім әуе, темір жол және авто көліктері арқылы жүзеге асады. Десек те жетуі қиын шалғайдағы жерлерге жөнелтімдерді жеткізу кезінде қиындықтар туындайтыны рас, әсіресе күрделі ауа райы жағдайларында дрондарды жұмысқа қосса болады,- деп хабарлайды "Қазпошта" АҚ Баспөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны