13.08.2008, 18:02 2950

ҚазТрансГаз өз қызметкерлерін Тбилиси қаласынан шұғыл әкетті (нақтыланған нұсқасы)

ҚазТрансГаз өз қызметкерлерін Тбилиси қаласынан шұғыл әкетті (нақтыланған нұсқасы)

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазТрансГаз" АҚ өз қызметкерлерін Тбилиси қаласынан шұғыл әкетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ҚазТрансГаз" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Грузиядағы қалыптасқан жағдайға байланысты "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "ҚазТрансГаз" АҚ "Самұрық" холдингінің тапсырмасына сәйкес Тбилиси аумағында жұмыс істейтін өз қызметкерлерін шұғыл әкету туралы шешім қабылдады", - деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компанияның ұсынған ақпаратына сүйенсек, бүгін таңғы 3 сағат 30 минутта "ҚазТрансГаз" компаниясы арнайы жіберген Грузияда жұмыс жасайтын "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері - барлығы 45 адам мінген ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды. "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ бас директоры Санжар Шоқатаев бастаған 10 қызметкер қала халқын үздіксіз газбен жабдықтау үшін Тбилисиде қалған.

"ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері мінген ұшақ бұдан бұрын хабарлағанымыздай Астана қаласына емес, Алматы қаласына келіп қонған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны