11.01.2013, 12:53 2893

Кедендік одақта 1 шілдеден бастап көлік құралдарына бірыңғай төлқұжат енгізу жоспарлануда

Бұл Еуазия экономикалық комиссиясы Кеңесі мақұлдаған және оның ресми сайтында жарияланған сәйкес үкіметаралық келісімнің жобасымен қарастырылған.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Кедендік одақта 2013 жылғы 1 шілдеден бастап көлік құралдары төлқұжаты, көлік құралдары шассиінің төлқұжаты және өзі жүретін машиналардың төлқұжаттары бланкісінің бірыңғай үлгісін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл Еуазия экономикалық комиссиясы Кеңесі мақұлдаған және оның ресми сайтында жарияланған сәйкес үкіметаралық келісімнің жобасымен қарастырылған.

Құжатқа сәйкес, бланктердің бірыңғай үлгісі электронды төлқұжат жүйесі енгізілгенге дейін әрекет ететін болады. Жоба КО-ға мүше мемлекеттердің өкілетті органдары және арнайы тізімге енгізілген дайындаушы ұйымдар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап көлік құралдарының, көлік құралдары шассиінің және өзі жүретін машиналардың электронды төлқұжаттары рәсімделуін қарастырады.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін төлқұжаттар ерекше үлгіде рәсімеделетін болады: Беларусь пен Қазақстан өздерінің берген өтінімдеріне сәйкес Ресейдің өкілетті органымен қажетті ресейлік бланктермен қамтамасыз етіледі.

Келісім ратификацияланады және қол қойылған күннен бастап уақытша қолданысқа енеді. ЕЭК құжат жобасын оған қол қою үшін қажетті мемлекеттік рәсімдерді жүргізуге жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны