11.10.2018, 13:08 4608

Келесі жылдан бастап медициналық көмектіӊ сапасын арттыруға, онкологиялық диспансерлердіӊ жабдығын жаӊартуға 35 млрд. теӊге бөлінеді

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудыӊ жаӊа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерініӊ жалақысын кезеӊ-кезеӊмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теӊге бөлінеді.

Алматы. 11 қазан. Kazakhstan Today - 5 қазан, жұма күні Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жаприя етті.

9 қазанда өткен жалпы жиналыста Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтыныӊ қызметкерлері Елбасы жолдауын талқылап, қолдады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтыныӊ директоры, м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, Диляра Қайдарова 2018 жылдыӊ 05 қазанындағы Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауына пікірін ортаға салды.

Оныӊ айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев медициналық қызмет сапасы халықтыӊ әлеуметтік көӊіл-күйініӊ аса маӊызды компоненті болып саналатынын атап өтті.

Елбасы еӊ алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектіӊ қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудыӊ жаӊа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерініӊ жалақысын кезеӊ-кезеӊмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теӊге бөлінеді.

Сондай-ақ, Елбасы 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиістігін, бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардыӊ электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін де атап айтты.

Елбасы Жолдауы біздіӊ Республикамыз бен халқымыз үшін өте маӊызды. Мемлекет басшысы медициналық қызмет көрсетудіӊ сапасын жақсарту және онкологиялық ауруларды емдеудіӊ ерекшеліктерін атап өтті. Қазақстанда да, бүкіл әлемдегідей, онкологиялық аурулардыӊ өсуі байқалып келе жатыр. Жыл сайын елімізде 35 мыӊға жуық қатерлі ісіктіӊ жаӊа жағдайы тіркеледі. Алайда, дәрігерлердіӊ күш-жігерініӊ арқасында Қазақстанда онкологиялық аурулардыӊ өлім деӊгейі біртіндеп төмендеп келе жатыр. Біздіӊ міндетіміз - өмір сүру ұзақтығын арттыру және қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау.

Қазіргі таӊда онкологиялық аурулардыӊ өлім-жітімі жүрек-тамыр патологиясынан кейін екінші орында тұр. Онкологиялық ауруларды емдеуге жыл сайын 36 млрд. теӊге бөлінеді. Тағы да 4 миллиардқа жуық теӊге тегін онкоскрининг жүргізуге бөлінді.

Қазір Қазақстанда тегін онкосринингтіӊ үш түрі бар: 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердіӊ сүт безі қатерлі ісік скринингі; 50 мен 70 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер арасындағы колоректальды қатерлі ісік скринингі; сондай-ақ, 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердіӊ жатыр мойын қатерлі ісік скринингі. Осыныӊ бәрі тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларында тегін жүзеге асырылады.

Осы скринингтердіӊ барлығы ДДҰ сарапшыларымен ұсынылған.

Қазақстанда рак ауруларыныӊ 9 негізгі түрі басым: сүт безі қатерлі ісігі, тері ісігі, өкпе қатерлі ісігі, асқазан обыры, жатыр мойын обыры, жиек ішек обыры, тік ішек қатерлі ісігі және гемобластоз.

Биылғы жылы Үкімет 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес Кешенді жоспарын қабылдады. Келесі жылдан бастап медициналық көмектіӊ сапасын арттыруға, онкологиялық диспансерлер жабдықталу паркін жаӊартуға қосымша 35 млрд. теӊге бөлінетін болады. Біз Қазақстанныӊ барлық өӊірлеріндегі онкологиялық мекемелердіӊ жағдайына аудит жүргіздік. Бір жерлерде жабдықтар мен жаӊа технологиялар жеткіліксіз. Мұныӊ бәрі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында шешілетін болады.

Мемлекет басшысы 2019 жылы Астанада еӊ озық халықаралық тәжірибеге негізделген онкологиялық науқастарға жоғары тиімді медициналық көмек көрсету үшін жаӊа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтыӊ құрылысын бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл көптеген адамдардыӊ өмірін құтқаруға көмектеседі. Жаӊа онкологиялық орталық соӊғы жабдықтармен жабдықталатын болады.

Астанадағы жаӊа Ұлттық онкологиялық орталықтыӊ құрылысы біз үшін маӊызды және басым міндет болып табылады. Өйткені біздіӊ елімізде шын мәнінде жетіспейтін жабдықтармен жабдықталған заманауи орталық құру үшін қажеттілік туындады.

Елбасы атап өткендей, жаӊа протон орталығы салынатын болады. Илем бойынша барлығы 57 протон орталықтары ғана бар. Постсоветтік кеӊістікте екі протонды орталық тек Ресейде ғана бар. Енді ол Қазақстанда да пайда болатын болады. Осындай жабдықтыӊ елімізде пайда болуы арқасында, адамдар шетелге бара бермейтін болады және біз емді елімізді жүргізетін боламыз.

Біз барлық елдердіӊ тәжірибесін зерттедік: Америка, Жапония, Еуропа, Оӊтүстік Корея. Осы елдердіӊ осы елдердіӊ барлық озық технологияларын, соныӊ ішінде молекулалық генетикалық зерттеулерін Қазақстанға енгізгіміз келеді. Осы Орталықта біз қатерлі ісік түрлерініӊ - сүт безі обырыныӊ және колоректальды қатерлі ісік ауруларыныӊ ерте диагностикалау әдістерін орнатқымыз келеді. Яғни, дәл қазіргі уақытта ауру бойынша жетекші орынды алатын патологияларға қатысты. Астанадағы жаӊа Ұлттық онкологиялық орталық 1600 адам сыйымдылығын құрайтын болады деп үміттенеміз. Біздіӊ еліміздіӊ тұрғындарынан басқа, көрші аймақтардан келген науқастарды қабылдап, медициналық туризмді дамыта алатын боламыз.

Жаӊа онкологиялық орталықта 200-ге жуық төсек болады деп жоспарлануда. Жілік майын трансплантациялауға мұқтаж гематологиялық науқастар үшін шамамен 70 төсек арналатыны жоспарлануда. Жыл сайын 8 мыӊға жуық пациент жаӊа Ұлттық онкологиялық зерттеулер орталығында емделетін болады.

Сондай-ақ, Елбасы өз сөзінде онкологиялық ауруларды емдеуде иммунотерапияны енгізу қажеттілігін атап өтті. Өткен аптада Медицина бойынша Нобель сыйлығын Жапониядан келген профессор Тасуко Хонджо және Америкалық профессор Джеймс Эллисон қатерлі ісікке кезінде иммунотерапияныӊ жаӊа әдісін ойлап тапқаны үшін берді.

Қазіргі таӊда озық кезеӊдерде аурудыӊ дамуына жол бермейтін дәрі-дәрмектер ойлап табылған.

Нобель сыйлығыныӊ лауреаты жапондық профессор Тасуко Хонджо баяндама жасаған халықаралық конференцияда болдым. Оныӊ айтуы бойынша, иммундық терапияныӊ арқасында 2020 жылы біз онкологиялық ауруларды емдей аламыз және бұл ауру созылмалы аурулар санатына ене алады. Өкінішке орай, біз онкологиялық ауруларды тоқтата алмаймыз. Бірақ бұл ашылымныӊ арқасында адамныӊ өмірін ұзарта аламыз!

Біз, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтыныӊ қызметкерлері, Президент Н.И.Назарбаевтыӊ сөзін ынта-ықыласпен тыӊдадық, жолдаудыӊ барлық тармақтарына тоқталдық.

Жолдауда бұқаралық спорттыӊ және дене шынықтырудыӊ қолжетімділігін жоғарылату, жоғары сапалы тағамды пайдалану қажеттілігі атап өтілді. Бұл халық арасында қатерлі ісікті дамыту қаупініӊ төмендейтінін білдіреді.

Ирине, біз Республикамыздағы еӊ озық ғылыми-практикалық онкологиялық ұйым болуға тиіс Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтыӊ құрылысын қолдаймыз!

Біз Президенттіӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдардыӊ белсенділігін арттыру бағытындағы саясатын қолдаймыз!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны