04.10.2016, 10:29 4072

Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжініӊ мүмкіндігі шектеулі жастары Шымкент қаласына саяхаттап қайтты

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай облыстық арнаулы кәсіптік колледжініӊ мүмкіндігі шектеулі жастарыныӊ "Шырайлы-Шымқала" атты Шымкент қаласына саяхаты ұйымдастырылды.

Шымкент. 4 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ ұйымдастыруымен қалалық мәслихат депутаты Талғат Балабиевтыӊ қолдауымен ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай облыстық арнаулы кәсіптік колледжініӊ мүмкіндігі шектеулі жастарыныӊ "Шырайлы-Шымқала" атты Шымкент қаласына саяхаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Саяхаттыӊ мақсаты - Елбасымыз Н.Назарбаевтыӊ "Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шектеусіз аймаққа айналуы тиіс" деп көрсеткендей мүмкіндігі шектеулі жастарды Шымкент қаласымен, оныӊ тарихы және мәдениетімен, демалыс орындарымен таныстыру.

Саяхат барысында жастар Шымкент қаласыныӊ көрікті жерлерімен, әсем ғимараттар мен жаӊа іскерлік орталығы, саябақтармен танысып, шара соӊында Шымкент зообағындағы жануарлар дүниесін қызықтап, жастар керемет күйге бөленді.

Еӊ бастысы - жастар саяхаттан өмірлік таным көкжиектерін кеӊейтті, елімізге деген мақтаныш сезімдері артып, жаӊа көзқарас қалыптастыра бастады, көӊілдеріне қуаныш ұялап тарихи тағылымдарымызды жастар мәӊгі жадында сақтап жүретін болды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан Республикасыныӊ Президенті - Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:

"Бүгін мен жаӊа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттіӊ әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардыӊ нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерініӊ еӊбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздыӊ жекелеген топтарыныӊ ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудіӊ еӊ төменгі деӊгейініӊ құрылымдарын қайта қарау және оныӊ түрлі деӊгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оӊтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны