24.07.2013, 18:14 3493

Кешенді тестілеудің межеленген деңгейінен талапкерлердің тек үштен бірі өтті

Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша тек 27975 талапкер (жалпы санның 36,5%-ы) межеленген деңгейден өткен.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Кешенді тестілеудің межеленген деңгейінен талапкерлердің тек үштен бірі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, кешенді тестілеу нәтижелері бойынша тек 27975 талапкер (жалпы санның 36,5%-ы) межеленген деңгейден өткен.

Тестілеу нәтижесі бойынша 48680 талапкер немесе қатысушылардың 63,5%-ы межеленген деңгейден өте алмады. 2012 жылы ТКТ-ға 65439 талапкер қатысып, оның 22763-і (34,8%) межелік деңгейден өтіп, 42676-ы (65,2%) өте алмаған болатын. Тестілеуге 76655 талапкер қатысты, оның ішінде қазақ тілінде - 49838, орыс тілінде - 26817. Тәртіп сақтау ережесін бұзып, аудиторияда тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 89 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды.

Кешенді тестілеуге өтініш қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізілді. Тестілеуге қатысуға берілген өтініш саны 78793, оның ішінде мектеп бітірушілер - 17769, жалпы орта білімнен кейін (11-сынып) техникалық немесе кәсіптік білім ұйымдарын бітірушілер - 17576, жалпы орта білімнен кейін (9-сынып) техникалық немесе кәсіптік білім ұйымдарын бітірушілер - 43448.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны