17.09.2010, 17:47 4089

ҚХР басшылығы қауіпті тамақ өнімдерін шығарғандарға өлім жазасын тағайындамақ

ҚХР басшылығы қауіпті тамақ өнімдерін шығарғандарға өлім жазасын тағайындамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ресейдің ВВС қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 17 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚХР басшылығы қауіпті тамақ өнімдерін шығарғандарға өлім жазасын тағайындамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ресейдің ВВС қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қытай басшылығы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты ауыр қылмыстар жасағандарға өлім жазасының тағайындалатындығын, үкімнің кейінге қалдырылмайтындығын мәлім етті",- деп айтылған хабарламада.

ВВС хабарлауынша, Қытайда үкіметтің осы салада тәртіп орнататындығына берген уәдесіне қарамастан, тағам өнімдерінің қауіпсіздік ережесін бұзуға байланысты дау-дамай басылмай отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі жыл бұрын құрамына қауіпті меламин деген химиялық зат қосылған балаларға арналған сүттен мыңдаған бала уланып, алты бала қаза тапқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны