28.01.2015, 21:31 9290

Кінәсін мойындап келу

Оныӊ жеке заттарын, құжаттарын және қылмыс қаруын әр-түрлі жерге көміп тастаған. Өзініӊ қылмыс жасағанын мойындап АІІБ-на келген.

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен адам өлтіру, құжаттарды ұрлау және бүлдіру бойынша сотқа берілген А.Рублевке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соӊғы кездегі үнемі ұрыс-керістер үшін А.Рублев соӊғы кезде өз отбасымен тұрмаған. Ийелі олардыӊ алты баласын балалар үйіне өткізіп жібергенін біліп қойып соққыға жығып, ер адам жәбірленушіге ас пышағымен пышақ салған. Алған жарақаттан жәбірленуші сол жерде қайтыс болған. А.Рублев өзініӊ қылмысын жасыру мақсатында мәйітті, оныӊ жеке заттарын, құжаттарын және қылмыс қаруын әр-түрлі жерге көміп тастаған. Өзініӊ қылмыс жасағанын мойындап АІІБ-на келген.

Сот үкімімен сотталушы, ҚР ҚК-ніӊ 96-бабы 1-бөлігі және 324 бабы 2-бөлігімен (1997 ж. 16 шілдедегі редакциясында) кінәлі деп танылып, аталған баптармен оған түпкілікті 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны түзеу колониясыныӊ қатаӊ режимінда өтеу белгіленді.

Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны