02.07.2007, 15:43 3010

Қырғыз- өзбек шекарасында тағы бір шиеленіс болды

БІШКЕК. 2-шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті тұрғындар мен өзбек шекарашылары арасында тағы бір шиелініс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 30-маусым күні кешке Қырғызстаның Ош облысы, Араван ауданы Тепакоргон ауылдық басқармасы Арап учаскесінде Өзбекстан Республикасы шекаралық заставасының белгісіз бір әскери қызметкері 1965-жылы туған жергілікті тұрғынды жаралаған. Жәбірленуші қолынын оқ тиіп жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, өзбек шекарашысы "бұзақылықтың салдарынан" оқ атқан. Бұл оқиға Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің адамның денсаулығына қасақана зақым келтіру бабы бойынша қарастыруға жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны