06.05.2008, 17:56 3232

Қырғызстан БҰҰ тұрақты даму комиссиясына сайланды

Қырғызстан БҰҰ тұрақты даму комиссиясына сайланды

Бішкек. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан БҰҰ тұрақты даму комиссиясына сайланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, сайлау сәуір айының соңында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткен. Комиссияның басты міндеті тұрақты даму саласындағы, оның ішінде, "ХХІ ғасырдың күн тәртібі" мен Йоханнесбург іс-әрекеттер жоспарындағы халықаралық деңгейде келісілген мақсаттардың іске асуына бақылау жасау болып табылады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссиядағы жұмыс тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау негіздерімен байланысты адамзаттың әлемдік деңгейдегі көптеген өзекті проблемаларын шешуге қажетті практикалық шараларды қабылдауға өз үлесін қосуға Қырғызстанға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық жұмыс тобына сайланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны