15.01.2008, 13:48 1912

Қырғызстан қор биржасы бірнеше ірі компанияға 15% акциясын саудаға шығаруды ұсынуда

Қырғызстан қор биржасы бірнеше ірі компанияға 15% акциясын саудаға шығаруды ұсынуда

Бішкек. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қырғызстан қор биржасы (ҚҚБ) Қырғызстанның негізгі электр қуаты компанияларының 15 % акциясын портфельдік және институционалдық инвесторларға күнделікті еркін сауда-саттыққа шығаруды ұсынуда, деп хабарлайды агенттік "Кабар" ұлттық қырғыз ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан қор биржасы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрбек Элебаевтың пікірінше, саудаға сонымен бірге "Қырғызтелеком" компаниясының 15 % акциясы мен "Манас" халықаралық әуежайының акцияларын сату керек. Қырғызстан қор биржасы , сондай-ақ кіріс мәселесі шешілмей отырған мемлекеттік үлестегі акционерлік компания акцияларының 10 пайызын сату қажет деген пікірде.

"Ал еркін айналымда қажетті акцияларға ие болып отырғын компаниялар сауда - саттыққа тек 5% акциясын шығарса жеткілікті", деді Н. Элебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны