06.09.2007, 17:08 3023

Қырғызстан парламенті сұраусыз мүрделерді ғылыми мақсатта пайдалану жөніндегі заң жобасын қабылдамай тастады

Қырғызстан парламенті сұраусыз мүрделерді ғылыми мақсатта пайдалану жөніндегі заң жобасын қабылдамай тастады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. БІШКЕК. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары қайтыс болған адамдардың сұраусыз мүрделерін ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат беретін заң жобасын қабылдамай тастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" заңға енгізілетін өзгерістер жөніндегі заң жобасын парламенттің қарауына денсаулық сақтау министрі Туйгунаалы Абдраимов ұсынды. "Мұнай түзетулерді ұсыну арқылы біз студенттерді қажетті материалдармен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз", - деді министр. Оның айтуынша, заң жобасында туыс-туғандары 30 күн ішінде сұрау салмаған мәйіттерді республиканың жоғары оқу орындарына оқыту материалы ретінде беру ұсынылған.

Депутаттардың басым бөлігі бұл бастамаға үзілді-кесілді қарсы болды. Атап айтсақ, депутат Өмірбек Текебаев заң жобасы қырғыз халқының дәстүрлеріне қарама-қайшы екенін атап өтті. Осыған байланысты депутат "жоғары оқу орындары мен зертханаларды қажетті материалдармен қамтамасыз ету үшін бюджетте қосымша қаржы қарастыруды " ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны