08.04.2010, 13:25 2920

Қырғызстан президенті қазір Жалал-Абад қаласында

Қырғызстан президенті қазір Жалал-Абад қаласында

Бішкек. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қазір Жалал-Абад қаласында. Бұл туралы бүгін уақытша халықтық үкіметтің өкілі Роза Отунбаева Қырғызстан парламентінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Р. Отунбаеваның хабарлауынша, Қ. Бакиев пен оның жақын-жақтастары кеше Жалал-Абад қаласына барған. "Ол өз позициясын қорғау үшін күш жинауда",- деп мәлімдеді ол.

Қырғызстан солтүстік пен оңтүстікке қақ жарылуы мүмкін бе деген сауалға ол ел президенті оңтүстікке кетіп, күш жинап жатқандықтан, Қырғызстан қақ жарылмайтынын біржақты жоққа шығара алмаймын деп жауап берді. "Алайда біздің түсінбей отырғанымыз, халық оның оңтүстіктен немесе солтүстіктен болғанына наразы болған жоқ. Біздің басты талабымыз - қуат көздерінің бағасын арзандату ғана болды", - деді ол.

Р. Отунбаева Қырғызстан президентінің ұлы Максим Бакиев қазір АҚШ-та халықаралық конференцияға қатысуда деп мәлімдеді.

Бұған қоса Р. Отунбаева Қырғызстан ішкі істер министрі Молдомуса Конгантиев қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның мәлімдеуінше, "министр тірі және ол Таласта деген нақты ақпарат бар".

Ал Қырғызстан премьер-министрі Данияр Үсенов қазір Бішкекте.

Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқаруға тағайындалған Исмаил Исаковтың айтуынша, шекарада Қырғызстаннан шығып кетуге талпынушы тұлғалар тіркелуде, олардың арасында министрлер мен Қырғызстандағы мекемелердің басшылары жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны