31.03.2008, 14:31 3216

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Германияда толық зерттеуден өтіп шықты, қазір көңіл-күйі өте жақсы

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Германияда толық зерттеуден өтіп шықты, қазір көңіл-күйі өте жақсы

Бішкек. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Германияда толық зерттеуден өтіп шықты, қазір көңіл-күйі өте жақсы. Бұл туралы ол Бішкеккке демалыстан келгеннен кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қ. Бакиевтің айтуынша, кейінгі 3 жылда ол демалған жоқ және кейінгі 48 жылда аурулық қағазын алып көрген жоқ. Президенттің айтуынша, бастапқыда демалыс екі аптаға қысқа мерзімге созылады деп межеленген. Бірақ профилактикалық медициналық тексеру барысында оның аяғының буындарын емдеу қажеттігі туындаған.

"Дәрігерлер егер мен белсенді өмір сүріп, спортпен шұғылданғым келсе, емдеудің 3-4 аптаға созылатынын айтты. Мен әрине, белсенді өмірден бас тарта алғам жоқ. Мен кейінгі уақытта көп жылдан бері таңтертең 6 сағатта тұрып, жүгіріске шығып, артынан денешынықтырумен шұғылданамын. Сол себепті мен өз демалысымды ұзартуға келістім. Медициналық байқау менің денсаулығымның жақсы екенін көрсетті. Дәрігерлердің нұсқауымен мен толық тексеруден өтіп шықтым, қазір өзімді жақсы сезінемін", - деді Қ. Бакиев.

Бакиев сондай-ақ, өзі жоқ кезде оның денсаулығы нашарлап кеткені туралы түрлі дақпырттардың таралғанынан хабардар екенін жеткізді. "Мен баршасына, әсіресе, менің науқасым туралы қаңқу сөздерді таратқандарға менің денсаулығымдай мықты денсаулық тілеймін", - деді Қ. Бакиев.

Бүгін үкімет басшысы Игорь Чудиновтың басқаруындағы үкімет мүшелерінің қатысуымен президент кеңес өткізеді. Онда елдегі ағымдағы ахуал мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны