08.04.2010, 13:31 3197

Қырғызстан президенті отставкаға кететін болды

Қырғызстан президенті отставкаға кететін болды

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев отставкаға кететін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Фергана.Ру" сайтына сілтеме жасап.

Жалал-Абад қаласында митингіге жиналғандар алдында сөз алған облыс губернаторы Кошбай Масировтың мәлімдеуінше, Құрманбек Бакиев отставкаға кетті. "Бірақ біз өз ұлымыз үшін намысты қолдан бермейміз", - деп мәлімдеді губернатор Құрманбек Бакиевтің Жалал-Абад тумасы екенін меңзеп.

Сондай-ақ, ол Жалал-Абад қаласында өтетін митингіде әзірге ел басқарушы Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев сөз сөйлейді деп күтілуде деп мәлімдеді.

Қазір қалада Құрманбек Бакиевті қорғау жөніндегі комитет құрылуда, деп хабарлайды "Фергана.Ру".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны