11.06.2009, 15:28 3334

Қырғызстан президентіне АҚШ президентінен жолдау келді

Қырғызстан президентіне АҚШ президентінен жолдау келді

Бішкек. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевке АҚШ президенті Барак Обамадан жолдау келді. Дипломатиялық арналар бойынша жіберілген жолдауды бүгін Қырғызстанның сыртқы істер министрі Кадырбек Сарбаев президентке табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

К. Сарбаевтың айтуынша, Б. Обама өз жолдауында Қырғызстан халқы мен елдің басшылығына Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға және халықаралық лаңкестік пен есірткі тасымалына қарсы күреске жұмсап отырған күш-жігері үшін ризашылық білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны